• Общие
  • Цвет
  • Каталог
НАСТРОЙКИ РЕШЕНИЯ
Настройки цветовой схемы
Цветовая схема
Общие настройки
Вид главной страницы
Скрыть баннер на внутренних страницах
Расположение телефона
Расположение корзины
Тип меню
Использовать широкое меню
Расположение главного меню
Меню каталога
Использовать широкую шапку
Включить кнопку наверх
Использовать адаптивность
Параметры каталога
Вид списка разделов в каталоге товаров
Вид списка товаров в каталоге товаров по умолчанию
Вид карточки товара
Узкая карточка товара
Отображать сокращенные характеристики в карточке
Вид SKU карточки
Эффект просмотра изображения в карточке товара
Вид карточки услуги
Вид списка категорий каталога услуг по умолчанию
Вид списка услуг по умолчанию
8 (727)347-07-07

dshfsjdfuweistring(2) "kz"
KZ
Сіздің қоржыныңыз бос
Қоңырауға тапсырыс беру

Біз туралы


Біз телекоммуникациялық және электротехникалық өнімді көтермелеп және бөлшектеп, жеке тұлғаларға да, ірі ұйымдарға да жеткізу және сатумен айналысамыз. Біз тек сатып қана қоймай, өнімді таңдау жөніндегі кез келген арнайы мәселелер бойынша білікті кеңес беруді қамтамасыз етеміз.

Материалдар мен жабдықтарды алу жөнінде алаңдамайсыз, өйткені біздің компанияның қызметтері тауарды кез келген көлемде және кез келген объектіге жеткізуді қамтиды. Немесе осы жерде орналасқан біздің кеңселеріміздің бірінде сатып ала аласыз.

Біздің жеткізетін тауарлардың түрлері заманауи жоғары сенімді телекоммуникациялық және электротехникалық жабдықтың барлық қатарын қамтиды:

  • Кабельді-өткізігіш өнім
  • Электротехникалық өнім
  • Кабель тасымалдаушы жүйелер
  • Телекоммуникациялық шкафтар 19”
  • Оптикалық және мыс құрауыштары СКС
  • Белсенді желілі жабдық
  • Қол жетімділікті бақылау және бейнебақылау жүйелері
  • IP АТС және кеңселік байланыс жүйелері
  • Телефондар, радиотелефондар мен факстар
  • Күн тақталары
  • Бақылау-өлшем жабдықтары мен құрал-саймандары
  • Мыс және талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) құрылыстау және қолдануына арналған материалдар.

Сонымен қатар компанияның негізгі қызмет бағыты ретінде талшықты-оптикалық және мыс байланыс желілері мен электро, қауіпсіздік жүйелерін, диспетчерлеу және қол жетімділікті бақылау жүйелерін жобалау, қүрылыстау және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Жұмыстың негізгі ұстанымдары – біздің тапсырыс берушілеріміз үшін жұмыстарды сапалы, мінсіз және уақытлы орындау болып табылады.




Компанияның қызметі, көзқарасы және құндылықтары

Қызметі:
Нарықты сапалы телекоммуникациялық және электротехникалық жабдықпен қамту

Көзқарасы:
Телекоммуникациялық және электротехникалық жабдықтарды жеткізушілері ішінде көшбасшы

Менеджмент қағидаларын ұстана отырып, компания ұжымы пікірлестер командасы ретінде қызмет етеді. Өз қызметін үнемі талдай отырып және өндірістік үдерістерге деген көзқарастар қағидаларын үнемі жетілдіре отырып, компания ұжымы көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және тұтынушылар сұраныстарын қанағаттандыру бойынша мәселелерді шешуде.

Құндылықтар:
  • Тиімділік пен жеделділік
  • Клиенттер алдындағы жауаптылық
  • Тауарлар мен қызметтердің сапасы
  • Ұжымдық жұмыс

Біздің клиенттерге ұсынатынымыз:

  • Сапа - біз өз клиенттерімізге МЕМСТ және ТШ-ға сәйкес жасалған өнімнің жоғары сапасына кепілдік береміз;
  • Уақыттылылық – біздің компания бөлімдерінің бірлескен жұмысының арқасында клиент өз тапсырысы жедел жинақталатындығына сенімді;
  • Бәсекеге қабілетті бағалар – біз үнемі нарықты талдауын жүргізе отырып, өз клиенттерімізге нарықтағы жағдайға сәйкес келетін орынды бағалар ұсынамыз;
  • Икемді баға саясаты – әрбір клиенттің тиімді бағамен өнім сатып алуға мүмкіндігі бар;
  • Қоймалардағы тауар қоры– теңгерімделген қоймадағы қорлар электрмонтаждау жұмыстарын орындаудың жоспарланған мерзімдерін сақтай отырып, тапсырыстарды нақты мерзімде жинақтауға мүмкіндік береді;
  • Талап етілетін ұзындықтағы кабельді тиеу мүмкіндігі;
  • Қойма соңғы клиентке дейін жұмыс жасайды– клиент біздің қызметкерлердің жұмысы тиеу аяқталғанға дейін тоқтатылмайтындығына сенімді бола алады;
  • Қызметкерлердің кәсіптілігі – қызметкерлердің көптеген жылдық тәжірибесі мен біліктілігі бізге телекоммуникациялық және электротехникалық жабдық нарығында сарапшы болуға мүмкіндік береді.

Біздің компаниямен ынтымақтастықтың артықшылығы

  • «Almaty IT Telecom» компаниясы өзін нарықта заманауи телекоммуникациялық және электротехникалық жабдықты сенімді және тұрақты жеткізуші ретінде көрсетті.
  • Тауар топтарының көптеген санын қамтитын және сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін кең сұраптамалық қатар (5000 астам атаулар ).
  • Өнімді Қазақстанның бүкіл аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде жеткізу мүмкіндігі.
  • Айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті қызметкерлер.
  • Тауарлар мен қызмет көрсетудің жоғары сапасы.
  • Әрбір адамға жеке тәсілмен қызмет көрсету. Әрбір клиентке жеке менеджер ұсынылады.
  • Тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруда кешендік және икемді тәсілдер қолдану.
  • Компания телекоммуникациялық қызметтер көрсету, жобалар мен инжиниринг саласында көшбасшы аталды, кабельдер жүргізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстар, корпоративті және жергілікті компьютерлік желілер бойынша, барлық байланыс түрлерін монтаждау саласында маманданады.

Компанияның клиенттері ретінде бүкіл Қазақстан бойынша 1000 астам компания болып табылады.